«Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық конкурсының қалалық кезеңі

«Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық конкурсының қалалық кезеңі



2023 жылдың 18, 25 қараша күндері 2-7 сыныптар арасында «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық конкурсының қалалық кезеңі «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Конкурстың мақсаты: оқушылардың интеллектуалды шығармашылық деңгейін көтеру, зерттеушілік қабілетін дамыту, балалардың фундаменталды және қолданбалы ғылымға қызығушылығын ынталандыру.Оқушының жұмысын қорғауға презентацияларымен 5минут, 2сұраққа жауап беру үшін уақыт бөлінген.
Біздің №85 мектеп -лицейден 21 жоба, 25 оқушы жұмысы сараптамаға тапсырылды. Оның ішінде 3 топтық жұмыс. Төмендегі бағыттар бойынша
1. Шет тілі
2. Этномәдениеттану
3. Қазақ тілі мен әдебиеті
4. Орыс тілі мен әдебиеті
5. Математика,қолданбалы математика
6. Химия,биология
7. Информатика
8. Тарих сараптамаға қатысты. Сараптамадан 15 жұмыс өтті.
Бастауыш сыныптар Әліби Алихан 3 сынып оқушысы «Математика,қолданбалы математика бағыты « Таблица умножения» в среде программирования Scratch» тақырыбында жұмысын қорғап,76 балмен ІІІ орынға иеленді. Жетекшісі Айткужинова Асемгуль Бактыбековна.
5-7 сыныптар арасында 13 жұмыс 2023 жылдың 25 қарашасында қорғады.
Қазақ тілі мен әдебиеті бағыты бойынша
1. Умиртаева Дильназ 7 сынып оқушысы, « «Ым-ишара тілі» тақырыбында өз жұмысын қорғады. 77 балмен,ІІІ орын иеленді. Жетекшісі Хасен Баршагүл Төнхөреханқызы.
2. Есен Ерназар 6 сынып оқушысы, «Абай өлеңіндегі рухани құндыдылқтар» тақырыбында жобасын 81 балмен қорғап шықты, ІІ орын, жетекшісі Сагиндикова Камар Кайратовна.
Математика,қолданбалы математика бағыты бойынша
1. Ұлан Адия 6 сынып оқушысы «История десятичных дробей и их применение в жизни» тақырыбында қорғап, 77 балмен, ІІІ орын,жетекшісі Касенова Жанар Ануарбековна.
2. Қанатов Айат пен Нүсіп Нүрия (топтық жұмыс) 7 сынып оқушылары «Бастауыш сыныпта математика пәнінен логикалық тапсырмалар арқылы білімді тексеруге арналған итербелсенді тренажер» тақырыбындағы жобаларын 78 балмен, ІІІ орын иеленді, жетекшісі Кенжебаева Даметкен Камариденовна.
Тарих пен өлкетану бағыты бойынша
1.Қуанышұлы Бибарыс 7 сынып оқушысы, «Жәңгір хан Орбұлақ шайқасында қалай жеңіске жетті?» тақырыбында 67 балмен жоба қорғап шықты, грамота,жетекшісі Муханова Сабира Мадениятовна.
Химия, биология бағыты бойынша
1.Темірхан Әлім 7 сынып оқушысы 60 балмен, грамота, «Жасыл балдыр Chlorella-ны астық тұқымдастардын өнімділігін арттыруға пайдалану жолдары»тақырыбында жоба қорғады, жетекшісі Өтеген Айгуль Бақытжанқызы
2. Азаматқызы Айзере, Миятұлы Айбын 5 сынып оқушылары, «Микрогрин – салауатты тамақтануға арналған эко-өнім» тақырыбында қорғады, жетекшісі Дулыбаева Гулжазира Сулейменовна 75 балмен ІІІ орын иеленді.
Шет тілі (ағылшын тілі)
1. Хусаинова Зере 5 сынып оқушысы, тақырыбы «Балалардың батылдығы: қорқынышты зерттеу және қолдау» 78 балмен ІІІ орын, жетекшісі Сагинаева Гульмира Канатовна.
Этномәдениеттану бағыты бойынша
1. Лесбек Інжу «ҚҰДAЛЫҚ» концептісінің семантикалық репрезентациясы» тақырыбында жоба қорғады, 6 сынып оқушысы, 86 балмен ІІ орын, жетекшісі Жетпысбаева Назым Базылбековна
Қорытынды : Барлығы қатысқан 15 жобаның 10 жобасы жүлделі орынға ие болды. Жобаны қорғаудағы нәтиже сапасы 66,6 %