Үлгілі ата-ана мектебі: сіздің балаңыз бірінші сыныпта
Үлгілі ата-ана мектебі: сіздің балаңыз бірінші сыныпта
«Үлгілі ата-ана мектебі: сіздің балаңыз бірінші сыныпта»
Ұсыныстар: БАЛАНЫ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУҒА БЕЙІМДЕУ - Ата-ананың міндеті: бірінші сынып оқушысына моральдық және эмоционалдық қолдау көрсету, үйренбеген жағдайды түсінуге көмектесу.
БЕДЕЛ - ата-ананың міндеті: ата-ана беделінің жаңа деңгейін нығайту және дамыту, мұғалім мен мектептің беделін қалыптастыру.
БЕЛСЕНДІЛІК – ата-ананың міндеті: педагогпен тығыз байланыс орнату, бала келіспеушіліктерден зардап шекпес үшін талаптарды келісіп алу, кеңестерге құлақ түру, мерекелер мен ортақ істерді ұйымдастыруға көмегін ұсыну.
- Балаңызбен тең серіктес құқығында сөйлесіңіз және айналадағылармен сөйлесу, өзара қарым-қатынас жасау және өзін ұстау үлгісін көрсетіңіз.
- Өз пікіріңізді білдіріңіз, бірақ қандай да бір проблема жөнінде өз көзқарасыңызды балаға жүктемеңіз. Баланың да өзіндік көзқарасын ескеріңіз!
- Ұмытпаңыз: бала өмірге деген өз көзқарасын қалыптастырушы, ол Сіздің көзқарасыңыздан басқаша болуы мүмкін.
- Балаға өз пікірін білдіру үшін жеткілікті уақыт беріңіз.
- Баланың табысты оқуы көп жағдайда отбасы мен мектептің тиімді ынтымақтастығына байланысты болады, сондықтан кез келген сәтте өз істеріңізді тастап баламен айналысуға дайын болыңыз.
БАЛАНЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА БЕЙІМДЕУ:
Бірінші кеңес: балаңызға берілуге тиіс ең басты нәрсе — бұл Сіздің ықыласыңыз.
Оның жетістіктерін айтып отырыңыз, мақтауға сараң болмаңыз. Оның әрбір жұмысынан міндетті түрде, оны мақтауға тұрарлық нәрсе табыңыз
- Шыдамды болыңыз: оның мектебі туралы әңгімелерін мұқият тыңдаңыз, нақтылушы сұрақтар қойыңыз.
- Есіңізде болсын: Сізге елеусіз болып көрінуі мүмкін нәрсе ұлыңыз немесе қызыңыз үшін сол күні болған ең толқулы оқиға болуы мүмкін!
- Балаңызды ықыласпен тыңдаңыз: сонда балаңызға неден көмек қажет екенін, мұғаліммен не жайлы сөйлесу керектігін, балаңыз мектептен келгеннен кейін шын мәнінде онымен қандай оқиғалар болғанын түсіне аласыз.
- Мектеп оқушысына анасының да, әкесінің де көңіл бөлгені қажет. Үйдегі тірліктерді, теледидар қарауды немесе компьютерде «сөйлесуді» кейінге қалдыра тұрып, ол үшін уақыт бөлуді ұмытпаңыз.
- Есіңізде болсын, бала сіздің сүйіспеншілігіңізге аса зәру болады.
- Егер балаңыз өзінің жасаған іс-әрекетіне Сіздің қызығушылығыңызды көрсе, ол мінетті түрде Сіздің қолдауыңызды сезінеді. Ал өзіне сенімді баланың өө бағалау деңгейі де жоғары болады.
Есіңізде болсын: Жарайсың!», сен мықтысың, сенің қолыңнан келеді. Мен саған сенемін «Сен сондай жақсы орындадың!» деген мақтау мен эмоционалдық қолдау баланың зияткерлік жетістіктерін айтарлықтай арттыра алады.
Бала мектептен келгенде – оны сұрақтың астына алуға асықпаңыз, оған демалуға мұрсат беріңіз. Егер оның ренжіп тұрғанын көрсеңіз, кейінірек әңгіме үстінде оның мазасыздығының себептерін сұрап білген жөн.
Есіңізде болсын:
бала үшін бір нәрсе істей алмау, бірнарсені білмеу – бұл қалыпты жағдай. Оның балалығы да осында – ол үшін жазғыруға болмайды. Кінәлау баланың өзін-өзі бағалауын төмендетеді, оны өзіне деген сенімділіктен айырады.
Сіздің балаңыз мекепке оқу үшін келді, бірден бәрін орындап кете алмауы мүмкін, солай болуы да тиіс. Баланың қателіктерге құқығы бар.
-Бала мектептен келісімен бірден оны сабағын дайындауға отырғызуға болмайды. Оған 2-3 сағат демалыс беріңіз немесе, мүмкін болса, 1,5 сағаттық күндізгі ұйқысын ұйымдастыруға тырысыңыз.
Балаңыз сабақтарын орындағанда, қасына келіп немесе төбеден төніп тұрмаңыз. Оларды өзі орындасын! Сіздің ісіңіз орындау емес, көмектесу.
Әрбір бүлдіршіннің мектеп әлеміне жасаған ең алғашқы қадамдары баланың өзі үшін де, оның отбасы мүшелері үшін де ең сенімді және қуанышқа толы болуы үшін бар мүмкіндігімізді аямайық!