MYP
MYP
Мектеп-лицей миссиясы:
Үздіксіз білім алуға дағдыланған, елі мен әлемдік қоғамдастық ігілігі үшін өзін-өзі жетілдіретін жауапты және қарқынды дамушы жекетұлғаны тәрбиелеу.
Мектеп-лицей ұстанымы:
Оқу мен оқытуды үнемі дамыту арқылы әлемдік білім беру жүйесіне жету.
Халықаралық Бакалавриат Орта мектеп бағдарламасы
Негізгі орта мектеп бағдарламасы - оқушылардың алған білімін өмірде қолдана алатындай байланыс орнататын ынталандырушы құрылым. Бағдарлама құрылымы жағынан кіріктірілген, қызығушылығы әртүрлі оқушылар мен оқуға қабілетті оқушыларға пайдалы болып құрылған.
Жасы: 11-16
Алғаш ұсынылды: 1994 жылы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тани атындағы №85 мектеп-лицей» ЖШҚ КММ қала мектептері ішінде «Авторизация» бағыты бойынша кластерде жұмыс жасайды. Мектеп Халықаралық Бакалавриат ұйымының Орта мектеп бағдарламасын (MYP) оқыту үшін авторизациядан сәтті (22.11.2021ж.) өтті. Мектеп-лицей қала мектептері ішінде ХБ бағдарламасы бойынша оқытатын алғашқы мемлекеттік мектептердің бірі болып табылады.
Мемлекеттік стандарт талаптарымен бірге, біз оқушы профилі қасиеттеріне ие оқушыларды мектеп философиясы, 8 пән тобы, ATL дағдылары, Жеке және Әлеуметтік жобаны жасау, қорғау, қызмет ету білім беріп қана қоймай, концепция негізінде оқыту арқылы тәрбиелейміз.
Мектеп бағдарламаны енгізуді сатылай іске асырады, яғни 2019-2020 оқу жылында 5 сыныптар, 2020-2021 оқу жылында 5-6 сыныптар, 2021-2022 оқу жылында 5-7 сыныптар, биыл 5-8 сыныптарда оқытылады. Келесі оқу жылында 5-9 сыныптарды Айби бойынша оқытуды толық қамтитын боламыз.