Балақайлар мектебі

Балақайлар мектебі



Әр бала үшін мектепке дейінгі балалық шақтан мектепке көшу кезеңі өте күрделі кезең болып табылады. Сол себепті 1-сыныпқа баратын балалар үшін «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлықтың қысқа мерзімді курстарын ұйымдастыру жүзеге асырылуда.
«Балақайлар мектебінің» бірінші аптасында балаларды мектепке бейімдеудің алғашқы жұмыстары жасалды.«Өзім туралы», «Мені қоршаған әлем», «Менің сүйікті ісім» т.б тақырыптар бойынша оқушылар топ алдында өздерін еркін ұстап, сөйлеу мәнерін қалыптастыра алды. Сонымен қатар саусақтардың ұсақ бұлшық еттерін дамыту мақсатында ермексазбен жұмыстар жасалды. Топ ішінде достық қарым-қатынас орнату мақсатында «Атомдық молекула», «Шапшаң қимылда» т.с.с. түрлі ойындар ойналды. Есте сақтау қабілеттерін дамытуға бағытталған танымдық процестер жүргізілді. Күн сайын балалардың математикалық әрекет негіздерін; ойлау, зейін, есте сақтау қабілеттерін, интеллектісін дамыту мақсатында интеллектум ойындар ойнатылады. Мектепке бейімделудің алғашқы аптасы сәтті әрі жемісті өтті. Бүлдіршіндер мектеп қабырғасына ақырындап үйренісіп келеді.