№1 Ата-аналар комитеті және сыныптық ата-аналар жиналысы туралы ақпарат
№1 Ата-аналар комитеті және сыныптық ата-аналар жиналысы туралы ақпарат
Астана қаласы №85 мектеп- лицейінің 5-11 сыныптарында 2023 жылдың қыркүйек айының 08 мен 09 күндері 1-2 ауысым бойынша ата-аналар комитеті және сыныптық ата-аналар жиналысы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары арқылы болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі ата-ананың ықпалы тақырыбымен өткізілді. Жиналысқа барлығы 805 ата-ана қатысты. Барлық сынып жетекшілер аталған тақырыпта баяндама оқып, қатысушыларды аналар күнімен, отбасы күнімен құттықтады. Сонымен қатар, «Жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің бір бөлшегі- білім ордасы» мектеп-лицейдің ішкі тәртіп ережесі және ата-аналардың міндеттерімен таныстырды. «Балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық фактілері. Балаларды қараусыз, қадағалаусыз қалдырмау» тақырыбына құнды ақпарат беріп, жаңа әкімшілік кодекс туралы да айтып кетті. «Оқушының өмір қауіпсіздігі. Кешкі мезгілде ата-ананың қарауынсыз қоғамдық жерлерде, ойын- сауық орталықтарында жүрмеу. Өрттен сақтану шаралары» туралы жаднамалар таратылып, ескерту шаралары өткізілді.
Сынып жетекшілер «Оқушының сабақтан тыс бос уақытын тиімді пайдалану. Спорттық секцияларға, түрлі үйірмелерге қатыстыру» мақсатымен мектепішілік үйірмелер, спорттық секциялар туралы, олардың жұмыс кестесі туралы ақпарат беріліп, оқушылардың аталған жұмысқа белсенді араласуына ата-ананың ықпалы турасында айтылды.
Ата-аналар комитеті жыл сайын, қажетіне қарай, оқу жылының басында өзгертіліп отырады. Барлық сыныптарда осы жұмыс жүргізіліп, ата-аналардың өздерінің келісімімен жаңа оқу жылына ата-аналар комитеті сайланды.
Мектептің ішкі ережелерін, біріңғай мектеп формасын сақтау, сабақты себепсіз қалдырмау, сабаққа кешікпей келуіне ата-ананың тарапынан қадағалап отырулары керектігі жөнінде айтылды. Сынып қорына ақша жинау мәселесі қатаң түрде алынып тасталуы ескертіліп, № 103 бұйрығымен, барлық ата-аналар, мектеп ұжымы таныстырылды.
Бұйрықтың негізгі бөлімдері:

1. Мектеп, сынып қажеттілігі үшін ата – аналардан ақша жиналмауы қатаң бақылауға алынсын.
2. Ақша жинау туралы жағдай анықталғанда сынып жетекшілерінің әкімшілік жауапқа тартылатындығы ескертілсін.
Мектеп – лицей директоры М.Казиева «Ата – аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы» бұйрықтың орындалуын бақылауды тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Жетпысбаеваға тапсырды.
Барлық ата-аналар жаңа оқу жылына балаларының білімге белсенділігін арттыру бағытында нұсқаулықтар алып қайтты.
Барлық ата-аналар жаңа оқу жылына балаларының білімге белсенділігін арттыру бағытында нұсқаулықтар алып қайтты.
Директордың тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары Н.Жетпысбаева