Бос жұмыс орындарына конкурс

Бос жұмыс орындарына конкурс



Астана қаласы әкімдігінің «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы № 85 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, мекен-жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 56/1-үй, келесі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды:

Бастауыш сынып мұғалімі, орыс тілінде оқыту - 3 бос орын.
Оқу жүктемесі – аптасына 16 сағат.
Үміткерге қойылатын біліктілік талабы: жоғары педагогикалық білім, еңбек өтілі 5 жылдан кем болмау, біліктілік санаты педагог-сарапшыдан төмен болмау.
Жалақы 200 000 теңгеден жоғары.
Лауазымдық міндеттері: білім алушыларды оқыту және тәрбие беру, оқу жоспарын құру, «Kundelik.kz» журналын жүргізу, дәптер тексеру, оқушылардың сабаққа келуін және үлгерімін тексеру, оқу құжаттамасын жүргізу, және т.б.

Көркем еңбек мұғалімі, ер балаларға, қазақ және орыс тілдерінде оқыту - 1 бос орын.
Оқу жүктемесі – аптасына 24 сағат.
Үміткерге қойылатын біліктілік талабы: жоғары педагогикалық білім, еңбек өтілі 3 жылдан кем болмау, біліктілік санаты педагог-модератордан төмен болмау.
Жалақы 200 000 теңгеден жоғары.
Лауазымдық міндеттері: білім алушыларды оқыту және тәрбие беру, оқу жоспарын құру, «Kundelik.kz» журналын жүргізу, дәптер тексеру, оқушылардың сабаққа келуін және үлгерімін тексеру, оқу құжаттамасын жүргізу, және т.б.

Аға тәлімгер - 1 бос орын.
0,5 лауазымдық бірлік.
Үміткерге қойылатын біліктілік талабы: педагогикалық білім, қазақ және орыс тілдерінде жұмыс жүргізу, ҰБТ сертификатының болуы.
Жалақы 100 000 теңгеден жоғары.
Лауазымдық міндеттері: мәдени-бұқаралық, патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргізу, оқушыларды тәрбиелеу және оқу демалысы кездерінде демалысын ұйымдастыруға қатысу, және т.б.

Педагог-ассистент - 3 бос орын.
1 лауазымдық бірлік.
Үміткерге қойылатын біліктілік талабы: педагогикалық білім, орыс тілінде жұмыс жүргізу, ҰБТ сертификатының болуы.
Жалақы 100 000 теңгеден жоғары.
Лауазымдық міндеттері: ерекше білім беруді қажет ететін оқушыға оқу барысында педагогикалық көмек көрсету және т.б.

Құжаттар қабылдау, қағаз жүзінде, 2023 жылғы 22 қарашадан 30 қарашаға дейін жүргізіледі. Конкурстық комиссия отырысы 2023 жылғы 01 желтоқсанда өткізіледі.
Конкурс шарттары мен құжаттар тізімі бойынша 87751019089 телефонына хабарласыныз.