Бос жұмыс орындарына конкурс

Бос жұмыс орындарына конкурс



Астана қаласы әкімдігінің «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы № 85 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, мекен-жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 56/1-үй, келесі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды:

Химия мұғалімі, орыс тілінде оқыту - 1 уақытша бос орын (негізгі жұмыскердің бала күтіміне байланысты демалыста болу уақытына).
Оқу жүктемесі – аптасына 24 сағат.
Үміткерге қойылатын біліктілік талабы: жоғары педагогикалық білім, еңбек өтілі 2 жылдан кем болмау.
Жалақы 200 000 теңгеден жоғары.

Тарих мұғалімі, орыс тілінде оқыту - 1 уақытша бос орын (негізгі жұмыскердің бала күтіміне байланысты демалыста болу уақытына).
Оқу жүктемесі – аптасына 24 сағат.
Үміткерге қойылатын біліктілік талабы: жоғары педагогикалық білім, еңбек өтілі 3 жылдан кем болмау.
Жалақы 200 000 теңгеден жоғары.


Лауазымдық міндеттері: білім алушыларды оқыту және тәрбие беру, оқу жоспарын құру, «Kundelik.kz» журналын жүргізу, дәптер тексеру, оқушылардың сабаққа келуін және үлгерімін тексеру, оқу құжаттамасын жүргізу, және т.б.
Құжаттар қабылдау, қағаз жүзінде, 2023 жылғы 29 желтоқсан - 2024 жылғы 10 қаңтар. Конкурстық комиссия отырысы 2024 жылғы 11 қаңтарда өткізіледі.
Конкурс шарттары мен құжаттар тізімі бойынша байланыс тел. 8 775 1019089.