Бос жұмыс орындарына конкурс

Бос жұмыс орындарына конкурс



Астана қаласы әкімдігінің «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы № 85 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, мекен-жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 56/1-үй, келесі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды:

Химия мұғалімі, орыс тілінде оқыту - 1 уақытша бос орын (негізгі жұмыскердің бала күтіміне байланысты демалыста болу уақытына).
Оқу жүктемесі – аптасына 24 сағат.
Үміткерге қойылатын біліктілік талабы: жоғары педагогикалық білім, еңбек өтілі 2 жылдан кем болмау.
Жалақы 200 000 теңгеден жоғары.

Тарих мұғалімі, орыс тілінде оқыту - 1 уақытша бос орын (негізгі жұмыскердің бала күтіміне байланысты демалыста болу уақытына).
Оқу жүктемесі – аптасына 24 сағат.
Үміткерге қойылатын біліктілік талабы: жоғары педагогикалық білім, еңбек өтілі 3 жылдан кем болмау.
Жалақы 200 000 теңгеден жоғары.

Аға тәлімгер - 1 бос орын.
Үміткерге қойылатын біліктілік талабы: педагогикалық білім, қазақ және орыс тілдерінде жұмыс жүргізу, ҰБТ сертификатының болуы.
Жалақы 150 000 теңге.
Лауазымдық міндеттері: мәдени-бұқаралық, патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргізу, оқушыларды тәрбиелеу және оқу демалысы кездерінде демалысын ұйымдастыруға қатысу, және т.б.

Педагог-ассистент - 1 бос орын.
Үміткерге қойылатын біліктілік талабы: педагогикалық білім, орыс тілінде жұмыс жүргізу, ҰБТ сертификатының болуы.
Жалақы 120 000 теңгеден жоғары.
Лауазымдық міндеттері: ерекше білім беруді қажет ететін оқушыға оқу барысында педагогикалық көмек көрсету және т.б.

Құжаттар қабылдау, қағаз жүзінде, 2023 жылғы 14 - 25 желтоқсан аралығы. Конкурстық комиссия отырысы 2023 жылғы 26 желтоқсанда өткізіледі.
Конкурс шарттары мен құжаттар тізімі бойынша байланыс тел. 8 775 1019089.