"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы мүшелерінің арасында өткен іс- шара анықтамасы

"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы мүшелерінің арасында өткен іс- шара анықтамасы



2022 -2023 оқу жылы №85 мектеп- лицейі «Адалдық – асыл парыз»
"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы мүшелерінің арасында өткен іс- шара анықтамасы
Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
2022 – 2023 оқу жылында Астана қаласы Білім басқармасының №756 бұйрығы негізінде 2022–2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» сипаттағы тәрбиелік іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілді.
Осыған орай мектебімізде жемқорлық бойынша заң бұзушылықтар туралы әр қабатқа ақпаратты хабарлауға арналған сенім телефондары ілініп, асханада «Адалдық дүкені» және үшінші қабатта «Парасатты азамат» стенді ілініп тұр және бірінші қабатта жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшігі орналастырылды.
Жылдық жоспар бойынша тақырыптық іс шаралар ұйымдастырылып тұрады.
"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы мүшелерінің ұйымдастырумен 7 сыныптар аралығында "Адалдық адамгершіліктің белгісі" атты сайыс ұйымдастырылды. Сайыс бес кезеңнен өтті. Сайысқа белсене қатысқан топтар жүлделі орындар иеленді. Алдағы уақытта жыл көлемінде жоспарға сәйкес әр түрлі іс—шаралар жалғасын табады. Оқушылар жоғары дайындықпен келген .Төрелік жасаған қазақ тілі пәні мұғалімі Еркебулан Ерболатұлы.
Сайыс қорытындысы:
🥇 1—орын «Парасат» тобы 7"Г"сынып
🥇2-орын «Сұңқар» тобы 7"Ә" сынып
🥇3—орын «Болашақ» 7"Б" сынып
🥇3 орын "Ұлан" тобы 7"А" сынып
🥇 3 орын "Жалын" тобы 7"В" сынып
"Адал ұрпақ " еріктілер клубы жетекшісі Касымбаева Жанаргуль Разхановна

Ұсыныс:
1. сынып сағаттарын, іс- шара өткізуде дайындық барысына аса көңіл аудару;
2. іс- шара, сынып сағатының тақырыбын, мақсатын, міндеттерін анықтауда оқушылармен бірлесе ұйымдастыру;
3. іс-шара,сынып сағаттарын өткізудің әртүрлі формаларын қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Н.Жетпысбаева